Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтің иелігінде не бар?
Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтің иелігінде не бар?
©strategy2050.kz
923
оқылды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтің иелігінде қандай дүние-мүлік барын Chinovnik_kz жариялады.

37 жастағы мұнай-газ саласының сарапшысында Қосшы жақта 288 шаршы метрлі екі қабатты үйі бар.  2020 жылы тұрғызылған үй 85 млн теңгеге бағалануда. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда үш пәтері бар. Бірі – Highwill Astana тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бизнес-кластағы 3 бөлмелі пәтерінің аумағы 100 шаршы метр. Құны – 60 миллион теңге. Ал «Алтын-Арна» тұрғын үй кешеніндегі 2 бөлмелі пәтері 40 млн теңге. Оның аумағы – 75 шаршы метр. «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің өзі 27 млн ​​теңге тұрады. Сонымен қатар Олжас Байділдиновтің иелігінде коммерциялық мақсатта пайдаланатын аумағы жүз шаршы метрлік  ғимараты бар. Оның өзі 20 млн теңгеге бағаланған. 2021 жылғы екі көлігі 33 миллион теңге тұрады екен. Естеріңізге салсақ, сарапшы газ бағасы одан әрі көтерілуін және мұндай құбылыс әлемде байқалатынын айтқан.
– Жер қойнауын пайдаланушылар энергия тасымалдаушыларды үнемі субсидиялай алмайды. 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы ақпаратқа сүйенсек, Жаңаөзендегі орташа жалақы 505 мың теңге. Бұл жалпы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Соған қарамастан тұрғындар сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап етіп отыр. Жаңаөзен – Қазақстанның бір бөлігі. Ал Қазақстан аймақтық және жаһандық экономиканың бір бөлшегі. Сондықтан біз нарықтық жағдайды біле отырып, мұндай жеңілдік жасай алмаймыз, – деген болатын Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов.