Шымкент, Тараз, Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады
Шымкент, Тараз, Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады
Фото: news.liga.net
292
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ескертулерге қарамастан наразылыққа шыққан азаматтар арандатушылардың сөзіне еріп, халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасады.

Жолдарды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасап, ғимараттардың әйнегі мен есігін сындырды.

Наразылықты тоқтатуға атсалысқан ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақат алды. 37 қызметтік автокөлік бүлінді. Мемлекеттік органдардың ғимаратына шабуыл жасаған 13 факті тіркелді.

Қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін 200-ден астам адам ұсталды.