Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Төбелес мәселені шешпейді, керісінше тығырыққа тірейді – Нұртөре Жүсіп

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп елдегі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп жазады inform.kz.

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Қаңтар 5, 2022
Фото: yandex.kz

Фото: yandex.kz

1.7k
қаралым

Елдегі жағдайды Мемлекет басшысы толық бақылауына алды. Осы орайда Ақордада шұғыл жиын өтіп, Президент Үкіметтің отставкасын қабыл алды.

Жаңа Үкімет құрамы жасақталғанша Премьер-министр міндетін атқару уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді. Сондай-ақ, еліміздің 2 өңірінде Алматы қаласы және Маңғыстау облысында уақытша төтенше жағдай енгізілді.

Қазір елдегі жағдайды Қазақстанның әр азаматы үшін сын сағаты деп айтуға болады. Өйткені, Тәуелсіздік пен халықтың тағдыры таразы басында тұр. Елдің сыналар шағы, сондықтан ел басына күн туған сәтте ақыл мен парасаттылыққа жүгінген жөн. Халық талап етті, билік оның үнін естіп, 2 өңірде газдың бағасын 50 теңгеге дейін арзандату туралы шешім қабылданды.

Ел сабырға бой алдырып, мәселенің заң аясында шешілгені абзал. Халықтың толқуы инфляцияның өршуімен байланысты. Және бұған Үкіметтің кінәсі бар екендігін Президент ашып айтты. Оған елдегі баға тұрақсыздығын қосыңыз. Халық тарапынан әлеуметтік-экономикалық талаптардың қойылуы мәселенің шиеленісіп кеткендігін көрсетеді.

Сондықтан енді жасақталатын Үкіметтің алдында елдің әлеуметтік жағдайын реттеу міндеті тұр. Одан бөлек, газ, бензин, дизель бағасының қымбаттауы болды. Осы орайда еліміздің мұнай-газ саясатын қайта қарап, шұғыл реттеу керек деп ойлаймын.

Халық заңға сәйкес бейбіт шеру өткізудің ережесін сақтаса. Сосын жастарымызды қызуқандылыққа бой алдырмауға шақырамын. Себебі, арандатушылық пен төбелес мәселені шешпейді, керісінше тығырыққа тірейді. Сондықтан артық эмоциядан абай болған жөн. Бастысы, Тәуелсіздіктің тұтастығы мен халықтың амандығы.

Бұған дейін бүгін Алматы облысында да төтенше жағдай енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Тегтер: АлматыЖаңалықтарМаңғыстауНұртөре ЖүсіптөбелесҮкімет
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

"Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты": куәгер бес жасар баланың мәйітін қоқыстан қалай тапқанын айтты

Демалыс күндері елімізде 2 градус үсік жүреді

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»