Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: twitter.com
325
оқылды

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ертеңнен бастап Скандинавиядан келетін циклон ауа райына әсер етеді.

«Сондықтан жауын-шашын, қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс пен солтүстік-батыста термометр бағаны түнде 0-8 градус, солтүстікте және орталықта 5-15 градус аязды көрсетуі ықтимал» делінген хабарламада.

Бұған дейін астанада қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын жазған болатынбыз.