Алматыда түнде 130-дан астам полицей жапа шегіп, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда түнде 130-дан астам полицей жапа шегіп, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: cml.kz
270
оқылды

Алматыда кешегі наразылық шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 190 адам жапа шекті.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 40 адам ауруханада жатыр. Дәрігерлерден 190 адам көмек сұраған. Оның 150-ін жедел жәрдем әкелсе, 40-ы өзі барған.

«40 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның төртеуі – полицейлер. Жапа шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 қала тұрғыны бар» делінген департамент хабарламасында.

Түнде Президент пәрменімен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.