Шеруге шыққандар Алматы әкімдігін қоршап алған, ғимарат өртеніп жатыр
Шеруге шыққандар Алматы әкімдігін қоршап алған, ғимарат өртеніп жатыр
Фото: Zakon.kz
373
оқылды
Алматыда шеруге шыққандар әкімдікті қоршап алған, ғимарат өртеніп жатыр. Әлеуметтік желіде Алматы әкімдігі маңындағы тәртіпсіздік видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің хабарлауынша, жиналғандар ғимаратқа басып кіріп, оны өртеп жіберген. Бұған дейін түнде Президент пәрменімен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. Алматыда кешегі наразылық шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 190 адам жапа шекті. https://youtu.be/Z8OMgk6R3Wg