Алматыда қалалық прокуратураның ғимараты отқа оранды
Алматыда қалалық прокуратураның ғимараты отқа оранды
Сурет: gov.kz
182
оқылды
Алматы әкімдігінен кейін қалалық прокуратура ғимаратынан да өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас көтерушілер Алматы прокуратурасының ғимаратын өртегені белгілі болды. Мародерлар қоғамдық тамақтану орындары мен дүңгіршектерді тонап жатыр. Куәгерлер қалада атыс болып жатқанын айтуда. Бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Одан соң Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізді, оның барысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық ахуалына жол берген кінәлілердің аттары аталды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар қосымша тапсырмалар берілді. Бұған дейін түнде Президент пәрменімен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. Алматыда кешегі наразылық шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 190 адам жапа шекті.