Қостанай облысында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды
Қостанай облысында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды
Фото: pravdatime.uz.ua
191
оқылды
Қостанай облысында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды. Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков осындай өкім жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында ҚР 2003 жылғы 8 ақпандағы №137" төтенше жағдай туралы "Заңының 1 - бабы 2-тармағына, сондай-ақ ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №743" Қостанай облысында төтенше жағдай енгізу туралы" Жарлығының 4-тармағы 7-тармақшасына сәйкес Қостанай облысының аумағында алкоголь өнімін барлық сауда орындарында және ойын-сауық орындарында 2022 жылғы 6 қаңтардағы сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін сатуға тыйым салынсын", - делінген құжатта. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қостанай облысының қалалары мен аудандарының әкімдеріне жүктелген. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында ТЖ режимі енгізілді. Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді.