Қазақстан аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді
Қазақстан аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді
Фото: YouTube
405
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-майор Е.Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының отырысын өткізді. Президент келісімімен ҰҚК төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді. Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды.  Террористік қауіпті  жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.