Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті
Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті
Фото: kapital.kz
304
оқылды
Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. «Төтенше жағдай режимі аясында республиканың барлық аумағында іс-шаралар жүргізілуде. Барлық әкімдіктер босатылып, күшейтілген қорғауға алынды» делінген хабарлама. Елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті бар. Қазіргі мәлімет бойынша, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 18-і жараланды. Алматыда қоғамдық тәртіпті, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауды, көшелерді тазалауды құқық қорғау органдарының күштері, қарулы және оларға қарасты күштер қолға алады.