«Бірлік – біздің ортақ күшіміз», – М.Ахметов
«Бірлік – біздің ортақ күшіміз», – М.Ахметов
651
оқылды

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов бірлік – біздің ортақ күшімізде екенін атап өтті. Оның айтуынша, халық Мемлекет басшысының айналасына жұмылып, ауызбіршілік танытса ел басына түскен ауыр кезеңді жеңіп шығамыз, – деп хабарлайды Astana телеарнасы.

«Бір ортақ келісімге келіп осы Мемлекет басшысына қолдау көрсетуіміз керек. Бұл үшін бізге ең бастысы, бірлік керек. Ал бірлік ол біздің ортақ күшімізде. Сондықтан да мен өзімнің замандастарымды, өзімнің отандастарымды, алматылықтарды сабырға, бірлікке шақырғым келеді» – деді Мәди Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы.