Бұзақылар 7 қару-жарақ дүкенін басып алды
Бұзақылар 7 қару-жарақ дүкенін басып алды
Фото: today.kg
252
оқылды
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев Алматыда қылмыскерлер жеті қару-жарақ дүкенін басып алғанын айтты.
"Қаланың әртүрлі аудандарындағы наразылық білдірушілердің көптеген топтары патрульдік жасаққа шабуыл жасады (4 қаңтар – Ескерт.). Олар қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. Қоғамдық көлікті, коммуналдық техниканы басып алды, онда құқық қорғау күштерінің жасақтары таралып, қызметкерлерге қолдан жасалған от қоспаларын лақтырып, атыс қаруларынан оқ жаудырды. Қызметтік автокөліктерді, соның ішінде өрт сөндіру машиналарын өртеді. Сонымен қатар зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін қақтығыс болған жерлерге жедел жәрдем көліктерін жібермеді", – деді ІІМ басшысы.
Ол бұзақылар осыдан кейін қалалық әкімдік ғимараты мен телеарналарға бірнеше шабуыл ұйымдастырғанын атап өтті. Айтуынша, 5 қаңтарда Алматы қаласының барлық шет аймақтарынан 20 мыңға жуық адам жиналып, бір мезетте қала орталығына алаңға келіп, әкімдік ғимаратын басып алуға әрекет жасаған.
"Олар жақсы қаруланған және ұйымдастырылған. Бірнеше қорғаныс сызығынан өтіп, ғимаратқа ене алды", – деді ол.
Полиция бұл кезде шегінуге мәжбүр болған.