Алматы облысы мен қаласынан өзге аймақта Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр
Алматы облысы мен қаласынан өзге аймақта Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр
Фото: ainews.kz
395
оқылды

Бүгіннен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысынан өзге аймақтарда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады.
Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу қызметін уақытша пайдалана алмайды. Байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.
Ескерер жайт, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, барлық өңірде көлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Азаматтарға арналған үкімет Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ХҚКО жұмысы қайта жанданса, ресми хабарлайды.