Алаңға шығып, тәртіпсіздікке қатысқан 8 мыңға жуық адам ұсталды
Алаңға шығып, тәртіпсіздікке қатысқан 8 мыңға жуық адам ұсталды
Фото: ТЖМ-нен алынды
207
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан бойынша жаппай наразылыққа шыққан 7 939 адам ұсталды.

ІІМ жедел штабының 10 қаңтардағы мәліметіне сәйкес, ішкі істер органдарына 7 939 адам жеткізілді. Полицейлер, Ұлттық гвардия мен арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірлескен іс-шара барысында Алматыдағы 2 базардан 207 адам ұсталды. Тартып алып, айдап әкеткен 5 автомобиль, ұрланған тауарлар (жаңа компьютер процессорлары, ноутбуктер, музыкалық орталықтар), сонымен қатар тегіс ұңғымалы 2 мылтық пен 4 суық қару тәркіленді.

Алматы облысы мен қаласынан өзге аймақта Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.