Алматы комендатурасының мәліметінше, қаланың бірнеше ауданы лаңкестерден тазартылды.
Атап айтқанда, Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Лаңкестік, тонау және басқа да қылмысқа қатысқан 1 237 адам ұсталды. 31 қару мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 38 адам ұсталды. 102 пультіне 608 хабарлама түсті.
Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253 дабыл түсті.