Nur Otan партиясының белсенділері Алматыда гуманитарлық көмек көрсетті
Nur Otan партиясының белсенділері Алматыда гуманитарлық көмек көрсетті
313
оқылды

Алматыда кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары мен Nur Otan партиясының жүзге жуық белсенділері әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, қаланың коммуналдық қызметтің қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Сонымен бірге Jas Otan жастар қанатының еріктілері екі мыңға жуық әскери қызметкер, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтің қызметкерлерін 6 қаңтардан бастап ыстық тамақпен үзбей қамтамасыз етті. Алматының оншақты жоғары оқу орны мен колледждің жатақханасындағы 2 мыңға жуық студент гуманитарлық көмекпен қамтылды. Ал Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалының белсенділері, сондай-ақ Праймериз қатысушылары Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев, Талғат Тілешев және тағы басқа аудандық әкімдіктер мен «Rahym» әлеуметтік үйі бірлесіп, тұрмысы төмен және мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, көмектесті. «КазФерроСталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайырымдылық қажеттілікке көмегі ретінде қаланы абаттандыруға 4,5 млн теңге, ал «АЗМК» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымына 6 млн теңге бөлінді. Әуезов ауданында аз қамтылған тұрғындарға 6,5 млн теңгеге, Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осы сағатта Алматы қаласының барлық аудандарына шамамен 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар Nur Otan партиясы қалалық филиалы жанында жедел желі телефондары жұмыс істейді, 279-78-00, +7 777 640 78 52