ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалды – Тоқаев
ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттарды тастап кетіп қалды – Тоқаев
Фото: appazov.kz
369
оқылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс жиынына қатысты. Мемлекет басшысы бірнеше қалада ҰҚК департаментінің басшылары борышын адал атқармағанына да тоқталды.

«Елде ахуал ушыққанда төтенше жағдай кезінде Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қызметтегі әскери қызметшілер абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», – деді Тоқаев.

Бұған дейін астанада ҰҚК полковнигінің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.