Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады, – деп жазады іnform.kz.
«Экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты. Алайда жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатқан жоқ. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуі тиіс активтерді іріктеу тәсілдері айқындалмаған. Оны шұғыл әзірлеу қажет. Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтардың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту», – деді Президент.
Сондықтан Президент Үкіметке Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті мемлекеттік комиссияның жекешелендіруге қатысты шешімдерінің толық, ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.