Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады
Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады
237
оқылды
Теннисшілеріміз Аустралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінен өтті. Әлемнің 182-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 233-орында тұрған босния­лық Мирза Башичпен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал рейтингте 180-са­ты­дағы Дмитрий Попко испаниялық Сапата Миральес Бернабемен шеберлік байқасты. Попко қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен жеңді. Сондай-ақ рейтингте 257-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 150-ракеткасы, франциялық Уго Греньеден айласын асырды – 6:3, 6:2. Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Михаил Кукушкин рейтингте 230-орындағы нидерландтық Робин Хасемен, Дмитрий Попко 990-сатыдағы аустралиялық Филип Секуличпен, Тимофей Скатов тағы бір аус­тралия­лық, әлемнің 497-ракеткасы Дэйн Суинимен кездесіп, кім мық­тыны анықтайды.

Әбілмансұр ЖАСАН