Алматыда тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол Павлодар облысы Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.
Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні “Өжет” ықшамауданында ұстады.
Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы “Сайга” мылтығы тәркіленді.
Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш ер адамнан анықтады.
Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар “Аta-аrms”, “Remington-700” және “Sauer-202” мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген.
Күдікті қамауға алынды.
Бұған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қанша уақытқа қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
https://www.youtube.com/watch?v=2bTWmnN-roE