Алматыда тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
Алматыда тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
© stan.kz
Алматыда тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ол Павлодар облысы Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды. Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні “Өжет” ықшамауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы “Сайга” мылтығы тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш ер адамнан анықтады. Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар “Аta-аrms”, “Remington-700” және “Sauer-202” мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген. Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қанша уақытқа қамауға алынғанын жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=2bTWmnN-roE