Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
© inform.kz
326
оқылды
Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.  «Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында. Дархан Жазықбаев 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты Әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі; «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген. 2019 жылғы маусымнан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып еңбек етті. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.