Түркістан облысының полицейлері Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, қаруы бар қылмыстық топты ұстады

Түркістан облысының полицейлері Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, қаруы бар қылмыстық топты ұстады
© inform.kz
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, соны өздерінің жеке ұялы телефондарына түсірген 3 жас жігітті Түркістан облысының полицейлері блок-бекеттен өту кезінде ұстады.
Нақтырақ айтар болсақ, Қазығұрт АПБ қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тасжолындағы Ақтас блок бекетінде "Тойота" маркалы автокөлікте болған Сарыағаш және Келес аудандарының 3 тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, тәркіледі. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.
Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Жалпы Түркістан облысы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 30 блок-бекет қойылған. Онда тәртіп сақшыларымен бірге әскерилер де тәулік бойы қызмет етуде.
Облыс полицейлері төтенше жағдай кезінде бекітілген шектеулерді ескеріп, аса қажеттілік болмаса жолға шықпау керегін еске салады.
Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.