Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиелік рақымшылық туралы хабарламалар жалған екенін айтты
Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиелік рақымшылық туралы хабарламалар жалған екенін айтты
293
оқылды
Барлық азаматтың банк несиелері есептен шығарылады деген қауесетті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, – деп хабарлайды Stopfake.kz сайты. Мұндай ақпарат әлуметтік желілерде таралуда.
"Несиелік рақымшылық жасалмайды. Бұл жалған ақпарат", – деді сұраққа жауап берген ведомствоның call-орталығы.
Halyk Bank террористерге қарсы операция барысында оққа ұшқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінінің туыстарына көңіл айтып, әскерилердің банкке берешегі кешірілетінін мәлімдеген.