Шымкентте сауда орталығын тонағандар ұсталды, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Төртеуінің де Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды. Олар дүкен тонаған соң жалдамалы пәтерге жасырынған.
Олардан ұрланған тұрмыстық техника, азық-түлік, арақ-шарап, гигиеналық заттар табылды.
Сонымен қатар банкомат тонаған ұры да ұсталды.
Шымкент қаласының коменданты Ералы Жұмаханбетов: «1995 жылы туған күдікті ұрлаған заттарын өзі жұмыс істейтін көлік жуу орталығындағы демалыс бөлмесіне жасырған. Одан кастет пен сұйықтық құйылған шыны бөтелке де табылды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді.