Коронавирус Қытайдың барлық аймағына таралды
Коронавирус Қытайдың барлық аймағына таралды
Фото: Интернеттен алынды
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, коронавирус Қытайдың барлық аумағына таралды. Соңғы мәліметке қарағанда, коронавирустан 170 адам көз жұмған. Аурудан, негізінен, 60 миллион тұрғыны бар Хубэй провинциясының тұрғындары қайтыс болған. Бірақ Қытайдан өзге мемлекеттерде вирустан қазірге дейін қайтыс болған адамдар туралы деректер тіркелген жоқ. Қазірге дейін вирус әлемнің 15 елінің азаматтарынан анықталды. Сарапшыларды коронавирустың адамнан адамға жұғуы мен вирустың өзгеріске ұшырау ықтималдығы алаңдатып отыр.
Қытай вирусологтар және микробиологтар академиясының өкілі Вэнь Юмэй: «Біз вирустың өзгеріске ұшырауына жол бермеуіміз керек. Егер мұндай жағдай бола қалса, онда көп мәселе туындайды. Сондықтан мұны назардан шығармауымыз керек», – деді.