Елдегі болған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті.
Еске салайық, тәртіпсіздіктерге жол берген содырлар Шымкенттегі партия филиалы ғимаратының бірінші қабатына от қойып, терезелерін шағып кеткен болатын.
Бүгінде фракция мүшелері тәртіпсіздік кезінде өртенген Партия филиалының ғимаратына өздерінің жеке есептерінен жөндеу жұмыстарын қолға алды. Олардың қатарында «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарова және фракция жетекшісінің орынбасары, Sairam-Orkeniet БПҰ төрайымы, Сайрам көмекші-интернат колледжінің директоры Жадыра Таңатарова бар.
Бұдан бөлек, фракция мүшелері, меценат, SANALI GROUP ЖШС директорының орынбасары Байкен Әшірбаев пен кәсіпкер-меценат Мұрат Жолдыхожаев Шымкентте тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құруға үлес қосты. Ал, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшелері елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп тұрған еріктілер мен әскери қызметкерлердің ас-суын тасымалдап жатыр.
Сонымен қатар М. Әуезов атындағы ОҚУ және ОҚМПУ басшыларының жетекшілігімен ЖОО ұжымдары мен студенттері төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырып жатыр.