Елімізде терроризмге қарсы жаңа сайт іске қосылды
Елімізде терроризмге қарсы жаңа сайт іске қосылды
© inbusiness.kz
131
оқылды
Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz  веб-сайтын іске қосты. Бұл сайтта азаматтар биыл болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде. Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.