Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты.
Бұл сайтта азаматтар биыл болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.
Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.
Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.