Өңірлердегі азаматтарға көмек қолын созды
Өңірлердегі азаматтарға көмек қолын созды
145
оқылды
Еліміз бойынша депу­таттар, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және «Jas Otan» Жастар қа­натының белсенділері ком­муналдық қызметкерлерге, полицияға көмек көрсетуді және азаматтардың өтініш­теріне ден қоюды жалғас­ты­рып жатыр. Бұл туралы пар­тияның баспасөз қызметі хабар­лады. Жасотандық еріктілер жер­гілікті билікке қалаларды тазарту мен ғимараттарды қалпына кел­тіруге көмектесіп жатыр. Өңір­лердегі партия мүшелері тәртіп­сіздіктерден зардап шеккендер үшін қан тапсыруда. Осы күндері филиалдар мен белсенді пар­тия­лықтар полиция мен әскери қыз­меткерлерге қала көшелері мен блок-бекеттерде ыстық тамақ ұйымдастырды. Тек Алматының өзінде нұротандықтар қаланың барлық ауданы бойынша мұқтаж азаматтарға 125 млн теңге көле­мінде көмек көрсетті. Бірқатар өңірде алғашқы күннен бастап қоғамдық жасақтар құрылды. Мәслихаттардағы фракция мүшелері мен «Nur Otan» бас­тауыш партия ұйымдарының басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жа­қында өткен Мәжіліс оты­рысын­да қойған міндеттерін халық ара­сында белсенді тү­сіндіру жұмыс­тарын жүргізіп жатыр. Партияның баспасөз қыз­метінің мәліметінше, «Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлмелері де жұмысын жалғастыруда. Биыл 1 қаңтардан бастап 622 адам жү­гініп, оның 283-і «111 шұғыл қыз­мет» байланыс орталығына ха­барласқан. Азаматтарды тол­ғандыратын негізгі мәселелер – әлеуметтік қамсыздандыру, жұ­мысқа орналасу және еңбек құ­қықтарының бұзылуы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық сын­ды мәселелер. Депутаттар, партия мүше­ле­рі – мемлекеттік органдардың басшылары 67 қоғамдық қабыл­дау өткізіп, 136 адамның мәселесі қаралды.

Әбілмансұр ЖАСАН