«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізген көшпелі қабылдауға қатысқан Жарты төбе ауылдық округінің тұрғыны Б.Багатова үйіне газ құбырын тартып беруді сұрады.
Мұқтаж азаматтың мәселесі «Nur Otan» партиясы «Жарты төбе» бастауыш партия ұйымында партия фракциясы мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов пен Т.Жұмабеков тарапынан жан-жақты қаралған болатын.
Қыс мезгілінде қиындыққа ұшыраған аз қамтылған отбасының жағдайын ескере отырып, жылумен қамтамасыз ету үшін «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары демеушілік жасады. Нәтижесінде, өтініш иесі Б.Багатованың үйіне газ құбыры орнатылды.