«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық маслихат депутаты Е. Абитовтың, Аудандық жастар ресурсы орталығының және партия белсенділерінің ұйымдастыруымен аудандағы тұрмыстық жағдайы төмен 30 отбасына барлығы 300 000 тенге құрайтын азық-түлік себеттерімен көмек көрсетілді.
Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен Талдықорған қаласының тұрғыны А.Жармағамбетованың отбасына «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен нұротандықтардың атынан 200 000 теңге көлемінде тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік берілді. Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Е.Жасыбаев аталған мәселені жіті бақылауға алып, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін айтты.
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында ашылған «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесі аясында облыс орталығындағы ірі ұйымдар (Мейірімді Жетісу, Баракат жақсылыққа жол, Лидер.кз, Ассамблея жастары) бірлесіп, қала аумағында «Жедел желі» жұмысы 8 (7282) 404-404 жұмыс істеуде. «Жедел желі» арқылы қала тұрғындарына төтенше жағдай кезінде психологиялық кеңес және түрлі мәселелер бойынша көмек ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда психологиялық кеңеске 14 азаматтың қоңырауы тіркелген. «Онлайн Дәріхана» акциясы басталды, қала аумағында тұратын 50 ден астам жалғызбасты қарт, егде адамдарға жеке есептен дәрі-дәрімектер алынып, еріктілер көмегімен тегін жеткізілді.