Еліміздің тағы 2 облысында ертең төтенше жағдай режимі алынып тасталады
Еліміздің тағы 2 облысында ертең төтенше жағдай режимі алынып тасталады
© stan.kz
462
оқылды
Ертең Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 
"Ақмола облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 737 Жарлығымен енгізілген Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ дәл осындай арнайы жарлықпен Қостанай облысында да төтенше жағдай режимі тоқтайды. Бұл жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді. Бұған дейін еліміздің бірнеше облысында төтенше жағдай режимі тоқтағанын жазған болатынбыз.