Тоқаев тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан подполковник Сәндібек Қайыровты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады
Тоқаев тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан подполковник Сәндібек Қайыровты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады
Фото:gov.kz
143
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 
"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)", – делінген Жарлықта.
Бұған дейін Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде көз жұмған «Алматы» телеарнасы қызметкерінің отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жазған болатынбыз.