"Қазақстан халқына" қорының басшысы тағайындалды
"Қазақстан халқына" қорының басшысы тағайындалды
Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды
543
оқылды

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды.

"Қазақстан халқына" қорының міндеттері:
  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
  • Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.
Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдардан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылады.