Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды қалалық мобильділік басқармасы.
Метро таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Пойыздардың қозғалыс интервалы қарбалас уақытта – 10 минут, басқа уақытта – 13 минут."Сондай-ақ, 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады. Осылайша, қалалық маршруттар таңғы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады", – деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасындағылар.