Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың жалпы саны белгілі болды
Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың жалпы саны белгілі болды
280
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы Төтенше жағдай кезінде қаза болғандардың жалпы санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.
«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді», - деді Бас прокуратура өкілі.