Депутат Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды
Депутат Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды
Сурет: liter.kz/sairov
329
оқылды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында "Қазақстан халқына" қоры аясында "ана капиталын" енгізуді ұсынды. Бұл Қазақстанның демографиясына түрткі болып, көп балалы жанұяларды әлеуметтік қорғаудың құралы болады, деп есептейді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, ол ауыл жастарын әлеуметтендіру мәселесіне көңіл аударуға шақырды.
"Қазақстанда кедейлік мәселесімен күрестің өзі көп қаржыны талап етеді. Жастарымызды, әсіресе ауыл жастарын әлеуметтендіру – өте терең проблема. Осыған көңіл аударған абзал. Елімізде демографиялық жағдайды шапшаңдату өте маңызды", – деп жазды Ерлан Саиров.
Мәжілісмен сонымен бірге мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін де осы қорға жіберуді ұсынды.