41 мәйітті ұрлады: Алматы полициясының басшысы шабуыл жасағандар туралы мәлімет берді
41 мәйітті ұрлады: Алматы полициясының басшысы шабуыл жасағандар туралы мәлімет берді
Фото: inbusiness.kz
303
оқылды
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен", – деді Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.