Эпидемиологиялық ахуал нашарлап, 16 өңір «қызыл» аймақта тұр
Эпидемиологиялық ахуал нашарлап, 16 өңір «қызыл» аймақта тұр
Фото: uz.sputniknews.ru
296
оқылды

17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Түркістан облысы. «Жасыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ.

Бүгін 11 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды.