Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Француз үйін тып-типыл етіп тонап кеткен, - деп жазады tengrinews.kz.
Сауда үйінің өкілі Марал Байбағысованың айтуынша, Француз үйі тұтастай тоналып, 5 миллиард теңгеден астам шығын келген.
«Біздің барлық дүкенімізді тонап кетті. Орталық пен қатарынан 3 бөлімшені, әуежайдағы екі дүкенді де түгел тонады. Бренд маркалы тауарлардың, тіпті әрқайсысының бағасы 250 мың доллардан жоғары тұратын теріден жасалған бұйымдарды да тонап кетті. Шығын көлемі шамамен 5 миллиард теңгеден асады», – деді ол.
https://youtu.be/e7YZqoB-rrw
Оның айтуынша, тонаушылар Француз үйін тонаған сәтте киімдерін жаңасына ауыстырып, ескі-құсқысын сол жерге тастап кеткен. Бейнебақылау камераларын сындырып, тас-талқанын шығарған.
https://youtu.be/fTOUmTNhKKM
Тіпті, бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбаларға қарағанда тонаушылар арасында балалы, жүкті әйелдер де болған.
https://youtu.be/xuOBxBahhAg
Қазіргі уақытта бейнежазбалар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Тергеуден соң ұрлықтың мән-жайы, ұрылардың әрекеті әшкере болады.