11 өңірде ескерту жарияланды
11 өңірде ескерту жарияланды
© stan.kz
304
оқылды
«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде 18-23 м/с құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз өңірдің батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады. Қызылорда облысының орталығында тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде және шығысында тұман болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, сондай-ақ таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында оның күші 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкент қаласында кей уақытта тұман болжанады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында 19, 20 қаңтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Күндіз 19 қаңтарда, түнде 20 қаңтарда жылдамдығы 23-28 м/с-ке артады. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sinoptikter-11-onirde-eskertu-zhariyalady_a3886941