«Басымызға оқ жаудырады деп ойламадым» – Алматы тұрғыны оқ атылған пәтерін көрсетті
«Басымызға оқ жаудырады деп ойламадым» – Алматы тұрғыны оқ атылған пәтерін көрсетті
Фото: tengrinews.kz
254
оқылды

Алматы тұрғыны Бақтияр Нұрмағамбетов бейбіт митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласқан сәтте үйінде отырып, от пен оқтың ортасында қалғанын айтып берді, – деп жазады tengrinews.kz.

   width= Бақтияр Нұрмағамбетовтың пәтері Алматыда орталық алаңға таяу маңда 12-қабатты үйде орналасқан. Оқиға болған күні үйінде болмаса, пәтері өртеніп кетуі мүмкін еді. Себебі, жөн-жосықсыз атылған оқ терезені тесіп өтіп, баласының басына тиюге сәл-ақ қалған.    width= Сол күнді «егер атылған оқ 20 сантиметр төмен ұшқанда баламның басына тиер еді» деп қорқынышпен еске алады. Бірнеше күн қатарынан қауіп сейілмеген аймақта ахуал 5 қаңтарда қайта ушыққан. Куәгердің айтуынша, алаңға шыққандар мен полицейлер арасында қақтығыс басталған. Қолға іліккен затпен шабуыл жасап, жаппай тәртіпсіздік басталған. Тіпті полицейлерге қарсы кірпіш, тас лақтырған.

«5 қаңтар күні түс қайта шамамен сағат 15:00-ден кейін тәртіпсіздік қайта өршіді. Атыс басталды. Тұман мен түтін араласып, айналаны түнек басты. Алаңға жиналған бүлікшілер көліктерді жаппай өртей бастады. Атыс-шабыс кезінде атылған оқ, өртелген көлік, жапа шеккен адамдар мидай араласып кетті», – дейді ол.

 width=  width= Оның айтуынша, атыс бірнеше күнге ұласқан.

«Ертеңіне де атыс тоқтамады. Керісінше, түске жақын үдей түсті. Бала-шағаммен үйде болдым. Кіреберісте теледидар қарап отыр едік. 13 жастағы ұлым, қызым да өз бөлмесінде болған. Кешке таяу шамамен сағат 17:00 кезінде автоматтан атылған оқ терезені тесіп өтіп, пәтердің ішінде түсті. Көшеде атыс болып жатқанда үй ішінде отырған бізге төбемнен оқ жауады деп ойламадым. Оқ киім жиналған шкафқа тиді де, өртене бастады. Үйде «қалада су болмай қалса, керек болар» деп шелекке сақтап қойған суды шашып жүріп отты сөндірдік. Үйдің астан-кестеңі шықты. Егер оқ 20 сантиметр төмен ұшқанда баламның басына тиер еді. Ұлым бес күнге дейін бөлмесіне кірмей жүрді. Полицияға шағымдандым. Тергеуден соң мән-жайды анықтайды», – дейді Бақтияр Нұрмағамбетов.

 width=

Ал Алматы полициясының мәліметінше, Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан үйлерде 37 пәтерге зиян келген.