Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталуына қатысты пікір білдірді
Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталуына қатысты пікір білдірді
© Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
336
оқылды
Бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісі оның ұсталғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Yedilov online Telegram-арнасы хабарлады. 
"Экс Премьер-министр Асқар Маминнің көмекшісінің мәліметінше, оның үйқамаққа алынғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлағанын жазған болатынбыз.