Алматы қаласында террористерге қарсы операция әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Атап айтқанда:
– Абылай хан даңғылының бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;
– Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;
Полиция тұрғындардан сақтық пен жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұрайды.
Ескерер жайт, төтенше жағдай режимі аяқталса да, Алматыда әлі де терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады.