Қаңтардағы қантөгістен кейін Алматыда баспана бағасы арзандай ма?
Қаңтардағы қантөгістен кейін Алматыда баспана бағасы арзандай ма?
Фото: rusyahaber.com
312
оқылды

Алматыда жаппай наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласып, қаланың орталығындағы ғимараттар қирап, сауда үйлері мен банктерді бүлікшілер тонап кетті. Алматыдағы ахуал баспана бағасына қалай әсер етеді?

Tengrinews.kz-тің жазуынша, Қазақстан Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов қаңтардағы қақтығыстардан кейін жылжымайтын мүлік нарығында тоқырау байқалғанын айтты. Бірақ тыныштық орнаған соң сауда-саттық қайта жандануы мүмкін. Мүсіреповтің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бағаның 5-10 пайызға өсуіне әсер етті.
«Алматыда жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай дүрбелең байқалмайды. Қалада соғыс болған жоқ. Алматыда көбінесе, шағын және орта бизнес зардап шекті. Келеңсіз жайттар тұрғындарды әбігерге салды. Жағдай түзеліп, нарық қалпына келеді. Былтыр жыл аяғында жаңажылдық жеңілдіктер жасаған құрылыс компанияларының акциясы да бір-екі айға созылуы мүмкін», – деді.

Бұған дейін шығынға батқан кәсіпкерлерге көмек көрсетілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.