«Қазтелерадиоға» жаңа басшы тағайындалды
«Қазтелерадиоға» жаңа басшы тағайындалды
Фото: qazaq1913.com
213
оқылды

Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген. 1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды. 1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компаниясында басшылық лауазымда болды. Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ын басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында 20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді. «Құрмет» орденінің иегері, «Құрметті байланысшы» деген атағы бар.

«Қазтелерадио» АҚ басты мақсаты – халыққа телерадио хабарларын таратудың түрлі желілерінде мемлекеттік бағдарламаларды тегін қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.