Елбасының қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды
Елбасының қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды
1,658
оқылды
Сенат "Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ресми сайтында жария етті. Онда Елбасының қандай өкілеттіктері сақталатыны айтылған.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Парламенті мен оның палаталарының алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу құқығы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі", – делінген заң жобасында.
Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойғы кейбір өкілеттіктері тоқтатылатыны туралы жазған болатынбыз.