Алматы облысында ерлі-зайыптыларға мемлекетаралық іздеу жарияланды
Алматы облысында ерлі-зайыптыларға мемлекетаралық іздеу жарияланды
195
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті "Елімай-2019" ТК қаржы пирамидасын құру және басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"Ұйымдастырушылар азаматтардың қаражатын тұрғын үй кооперативі ретінде тартты. Қазіргі уақытта 90-нан астам зардап шеккен адам жүгінді. Тергеу зардап шеккендердің саны бұдан да көп деп санайды, осыған байланысты Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, 11А мекенжайына немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды", - делінген хабарламада.
"Елімай-2019" кооперативінің басшысы Ербол Қизбаев пен оның жұбайы Жазира Өмірбаеваға мемлекетаралық іздеу жарияланды.
"Олардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, Департаменттің 8 (727) 251-71-06 телефон нөмірі бойынша немесе ұялы байланыс телефоны бойынша іздестіру бөліміне хабарлауды сұраймыз: +7-701-228-02-15. Құрметті азаматтар! Қаржы мониторингі агенттігі сақ болуды және қысқа мерзімде «жоғары табысқа» жетуге уәде беретін күдікті жобаларға ақша қаражатын салудан бас тартуға шақырады", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, халықаралық іздеуде жүрген  Дастанбек Қайырбеков ұсталғанын хабарлаған болатын.