Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырып алды 
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырып алды 
143
оқылды
Қазақстан футбол федерациясы Еуропа чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама мүшелерінің коронавирус жұқтыруына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Нидерланды еліне сапар алдында бірнеше күн бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Игита, Дәурен Тұрсағұлов және Арнольд Кнауб, сонымен қатар бас бапкер Рикардо Кака COVID-19 оң сынағын тапсырды. Үш күннен соң Игита мен Дәурен Тұрсағұловтың тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Олар жақын арада Нидерландыда команданың қатарына қосылады. Өкінішке қарай, Кака мен Кнауб әлі де карантинде жатыр. Олар Еуропа чемпионатында Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды. Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні елорда уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе дайындайды» деліген мәлімдемеде.